«Тұран» Беларусь жастар құрамасының экс-ойыншысын қатарға қосты

23.07.2022, 22:54
Футболшы түркістандық клубпен жыл соңына дейін келісім-шарт жасасты.
«Тұран» Беларусь жастар құрамасының экс-ойыншысын қатарға қосты

Түркістандық «Тұран» 28 жастағы беларусьтік жартылай қорғаушы Артём Гуренкомен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Гуренко түркістандық клубқа еркін агент ретінде ауысып, маусымның соңына дейін келісім-шартқа отырды. Ол «Тұранда» сапында 21-ші нөмірмен ойнайтын болады.

«Мұнда келгеніме өте қуаныштымын! Бапкерлер құрамы мен басшылыққа сенімдері үшін алғыс айтқым келеді! Командаластарым мен клубқа қалаған нәтижесіне жетуге көмектесуге тырысамын», - деді футболшы.

Артем Гуренко ағымдағы маусымды беларусьтік «Белшинада» бастады. Бұған дейін ол литвалық «Ретериаи» мен «Судува», белорусиялық «Слуцк», «Динамо Минск», «Витебск» және «Ислочь» командаларында өнер көрсеткен. Өзінің мансабында 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.

Гуренко Беларусь жастар құрамасында 7 кездесу өткізген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×