«Аякс» қорғаушысы «Лионға» ауысты

23.07.2022, 22:30
Трансфер құны небәрі 4 миллион еуроны құрады.
«Аякс» қорғаушысы «Лионға» ауысты

«Аякс» қорғаушысы Николас Тальяфико «Лионмен» келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

29 жастағы аргентиналық футболшының жаңа командасымен келісім-шарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген. Трансфер үшін «Лион» «Аяксқа» 4,2 миллион еуро төледі.

Тальяфико өткен маусымда «Аякс» үшін 29 ойынға қатысып, 3 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 11 миллион еуроға бағалап отыр.

Тальяфико 2017 жылдан бері Аргентина құрамасында ойнап келеді. Ұлттық құрамасы үшін 40 матч өткізіп, былтыр Америка кубогін жеңіп алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×