Александр Седнев: «Ойыншылар ауырсынып тұрса да, жоғары деңгейде өнер көрсетті»

23.07.2022, 18:37
Шымкенттік клуб үш матчта алты ұпай жинады.
Александр Седнев: «Ойыншылар ауырсынып тұрса да, жоғары деңгейде өнер көрсетті»

Шымкенттік Ордабасының бас бапкері Александр Седнев «Атыраумен» болған ойын (4:1) туралы пікір білдірді:

- Әрине, біз сырт алаңдағы жеңіске ризамыз, біріншіден ол ауыр жұмыстың арқасында берілді. Екіншіден, команданың жартысынан көбі ауырсынып тұрды, бірінің қызуы көтеріліп тұрды. Сол себепті біз өз ойыншыларымызға күш тауып, матчты жоғары деңгейде өткізгендері үшін ризамыз. Мен кездесу оңай болды деп айтпас едім, есепке қарамастан қарсылас та жақсы ойнады, бірақ қорытынды кезеңде біздің дәл соққыларымыз үлкен рөл атқарды. Бұл кубоктік ойындар және бір сәтте барлығы өзгеруі мүмкін, біз өзімізге әлі ештеңе шешілмеді деген есеп береміз. Келесі матчқа жақсылап дайындалып, дәл осындай сапалы ойын көрсетеміз деп үміттенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×