«Вест Хэм» екі футболшыны қатарына қоспақ

23.07.2022, 18:23
Екі футболшы да шабуыл шебінде өнер көрсетеді.
«Вест Хэм» екі футболшыны қатарына қоспақ

«Вест Хэм» «Сассуломен» 23 жастағы италиялық шабуылшы Джанлука Скамакканың трансферіне қатысты ортақ мәмілеге келді, деп хабарлайды Фабрицио Романо.

Англиялық клуб Италия құрамасының шабуылшысы үшін 36+6 миллион еуро төлейді. Джанлука «Вест Хэммен» ұзақ мерзімді келісім-шартқа отырады.

Скамакка өткен маусымда Сассуоло үшін 38 ойынға қатысып, 16 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Италия құрамасында дебют жасады.

«Айнтрахттың» жартылай қорғаушысы Филип Костич те мансабын «Вест Хэмде» жалғастырады.

Белгілі инсайдер Николо Скираның айтуынша, англиялық команда футболшымен төрт жылдық келісім-шартқа отырады. «Вест Хэм» сербиялық ойыншының трансфері үшін бар болғаны 15 миллион еуро төлейді. Себебі Костичтің «Айнтрахтпен» келісім-шарты келесі жазда аяқталады.

Филип Костич 2018 жылдың тамызында «Айнтрахтқа» қосылып, содан бері 169 ойын өткізді (33 гол, 63 нәтижелі пас).

29 жастағы Костич өткен маусымда «Айнтрахт» сапында Еуропа лигасын жеңіп алды және турнирдің үздік ойыншысы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×