Андрей Карпович: «Өз алаңымызда барынша көп ұпай жинауға тырысамыз»

23.07.2022, 16:30
«Ақтөбе» Қазақстан кубогіндегі үш матчты да сырт алаңда өткізді.
Андрей Карпович: «Өз алаңымызда барынша көп ұпай жинауға тырысамыз»

«Ақтөбе» командасының бас бапкері Андрей Карпович Қазақстан кубогінің үшінші турында «Таразбен» болған ойынды (0:0) қорыиындылады:

- Бірден айта кету керек, бұл біз үшін қиын матч болды. Шабуыл шебінде негізгі ойыншыларымыдың болмауы ойынның мазмұнын бұзды. Бүгін, менің ойымша, матч тартысты өті. Ешкім жеңілгісі келмеді. Чемпионаттың бірінші турында біздің команда «Тараздан» ірі есеппен ұтылды. Бүгін есе қайтарғымыз келіп еді. Болмай қалды. «Тараз» – өте жақсы команда. Жанкүйерлер оларды қатты қолдайды. Себебі, мұнда көптеген жергілікті жас футболшылар ойнайды. Ал бізде кадрлық мәселелер туындады: микрожарақаттардың кесірінен Видемон, Гоу, Сердеров ойнай алмады. Оның үстіне, Балашов жаттығу жасамағанына қарамастан, алаңға шықты. Оразов сары қағаз алғанына байланысты ойынды өткізіп алды. Бірақ бүгін біз Русланұлын алғашқы минуттардан шығардық, бұл оған өте пайдалы болды. Көшбасшыларының жоқтығына қарамастан, біз Қазақстан кубогіндегі алғашқы ұпайды еншіледік. Сырт алаңда үш қиын матч өтті, енді өз алаңымызда барынша көп ұпай жинауға тырысамыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×