«Тұран» клубы медициналық орталықпен серіктестік орнатты

10.06.2021, 03:55
Бұл орталық Шымкент қаласында орналасқан.
«Тұран» клубы медициналық орталықпен серіктестік орнатты

Er-ANA медициналық орталығы «Тұран» футбол клубының жаңа серіктесі атанды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

«Енді біздің футболшылар жоғары білікті терапевт-реабилитолог Асқар Нұрмағамбетұлы Баймишовтың қол астында емделіп шығады.

Бүгін «Тұран» ФК дәрігері Еркебұлан Нұралиев медициналық орталықтың мүмкіндіктерімен танысты. Бұл жерде футболшылар жарақаттардан әлемдегі физиотерапияның көшбасшысы - BTL компаниясының жаңа жабдықтарының көмегімен қалпына келеді.

Соңғы кездесуде тізесінен жарақат алған «Тұран» командасының капитаны Шынболат Мақсымхан бірінші болып Er-ANA медициналық орталығының қызметін сынап көрді», - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×