«Тұран» мен «Астана» ұпай бөлісті

25.07.2022, 01:35
Елордалық бұл ойынға қосалқы құрамын алып келді.
«Тұран» мен «Астана» ұпай бөлісті

«Тұран» Қазақстан кубогі топтық кезеңінің үшінші турында «Астананы» қабылдады. Матч «Түркістан Арена» стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Кездесудің 47-минутында Бекзат Қабылан алаң иелерін алға шығарған еді, 65-минутта Абат Айымбетов тамаша соққысымен жауапты голды соқты.

«Тұран» – «Астана» – 1:1

«Туран»: Ержан Токотаев (қ) – Лев Скворцов, Олжас Керімжанов (к), Қасымжан Таипов, Андрей Залеский – Абдуллай Диакате, Санжар Сатанов, Артём Гуренко – Ален Айманов, Бекзат Қабылан, Самир Фазли;

«Астана»: Александр Заруцкий (қ) (к) – Сағи Совет, Даниил Бескоровайный, Артём Рахманов, Бауыржан Ахаев – Юрий Перцух, Сұлтан Сағнаев, Олжас Әділ – Станислав Басманов, Руслан Киргетов, Абат Айымбетов;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×