«Каспий» македониялық қақпашымен қоштасты

24.07.2022, 22:15
Оның орнына ақтаулық клуб ресейлік қақпашыны алғалы отыр.
«Каспий» македониялық қақпашымен қоштасты

Солтүстік Македония құрамасының қақпашысы Ристо Янков жақын күндері «Каспийден» кетеді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

23 жастағы Ристо «Каспийге» осы маусымның басында қосылған еді, бірақ ақтаулық клубтың бірінші нөмірлі қақпашысы бола алмады. Осы уақытқа дейін небәрі екі ойын өткізіп, қақпасына бес гол жіберіп алды. Ол тұрақты ойын тәжірибесін алу үшін ақтаулық клубтан кетуді көздеп отыр. «Каспий» басшылығы оның орнына 23 жастағы ресейлік қақпашы Алексей Козловты алуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, Янков «Каспий» клубымен Македония құрамасының қақпашысы ретінде келісім-шартқа отырған болатын. Өткен жылы Ристо үшінші қақпашы ретінде Еуропа чемпионатына қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×