«Тұран» өзбекстандық клубты еш қиындықсыз жеңді

08.02.2022, 15:34
Түркістандық клуб төрт бірдей гол соқты.
«Тұран» өзбекстандық клубты еш қиындықсыз жеңді

«Тұран» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында өзбекстандық «Олимпикті» 4:2 есебімен ұтты.

Түркістандық клуб сапында Азат Нұрғалиев, Алияр Мұхамед, Таңат Нөсербаев, Олжас Керімжанов мергендік танытты.

«Тұран»: Ержан Токотаев (қ) – Андрей Залеский, Александр Клещенко, Сұлтан Әбілғазы, Олжас Керімжанов, Еркін Тапалов – Фархат Мұсабеков, Чиди Осучукву – Азат Нұрғалиев, Максим Федин, Алияр Мұхамед

«Олимпик» Өзбекстан бірінші лигасының соңғы маусымында үшінші орынға ие болды және плей-офф кезеңіндегі жеңісінің арқасында тарихта алғаш рет Өзбекстан Суперлигасына жолдама алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×