«Тұранның» баспасөз қызметі 23 жастағы ивуарлық жартылай қорғаушы Джео Экраның қаралымда жүргенін хабарлады.
Джео Экра кәсіпқой мансабын молдовалық «Саксан» клубында бастады. 2019 жылдың қаңтарында арменияық «Ноаға» қосылып, алты айдан кейін командадан кетті. 2020 жылдың ақпан-тамыз айларында «Тамбовтың» екінші командасында доп тепті. Ал 2021 жылдың наурыз-шілде айлары аралығында украиналық «Олимпиктің» намысын қорғады.
Экраның соңғы командасы ресейлік «Акрон» болды. Осы маусымда Джео ФНЛ-да 8 матч өткізіп, 2 сары және 1 қызыл қағаз алды.
Біздің серіктес: FONBET