Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Фархат Мұсабеков «Тұранға» ауысқаны туралы өз ойымен бөлісті:
- Мен Қырғызстанда қолымнан келгенше жоғары нәтижеге жету үшін жұмыс істедім. Бұл еңбектің арқасында келген орасан жетістік. Нақтырақ айтқанда чемпиондықты, Кубокті, Суперкубокті жеңіп алдым. Сонымен бірге үздік ойыншы деп танылдым. Мұның бәрі Алланың арқасында. Мен «Дордой» командасына алғысымды айтқым келеді. Себебі бұл командада мен өмірімдегі ең тамаша кезеңнің бірін өткіздім.
Менің «Тұран» командасына келіп, қаралымда жүргеніме бір айға жуық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында командадағы ойыншылар мен бапкерлер құрамымен өте жақын араласып кеттім десем болады. Енді алдағы уақытта клубқа пайдамды тигізу үшін бар күш-жігерімді салатын боламын. Менің басты мақсатым-барынша командаға пайда әкелу және осы маусымға қойылған межені орындауға көмектесу. Мен үшін «Тұран» - жаңа сынақ.
Біздің серіктес: FONBET