"Түріктер тозағына" Жозе шәкірттері шыдады

27.02.2014, 13:29
"Түріктер тозағына" Жозе шәкірттері шыдады
Әлемдегі ең үздік турнирдің, осы жылғы плей-офф кезеңі ағылшындық командалар үшін өте сәтсіз басталды. "Арсенал", "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед" қарсыластарына бірдей есеппен жол берсе, Еуропа Лигасында "Тоттенхэм" де жеңіліп, ағылшындардың еншісіне жалғыз ұпайда "Суонси" еншілеген болатын. Енді Тұманды Альбионның үміт артар жалғыз командасы Жозе Моуриньо баптайтын лондондық "Челси". Қарсылас та осал емес. Түркиялық "Галатасарай". Жаттықтырушы орындығында жақында ғана "Манчестер Ситиді" ағылшын чемпионатында жеңіс тұғырына көтерген Роберто Манчини. Сапында, осы ақсүйектердің өткен бірнеше жылдар бойы команда лидері болған Дидье Дрогба бар. Дрогба Моуриньоға, Дрогба "Челсиге" қарсы. Бұлай айтуды етіміз үйренбесе де, көнеміз. Онымен қоса, қарқыны мықты "Ювентусты" жарыс жолынан шығарған да осы "Галатсарай". Құрамында Снайдер де бар. Бұл ойыншымен де Моуриньо жақын таныс. Естерінізде болса, 2010 жылы "Интер" Чемпиондар Лигасында чемпион болған кезде ол команда да Снайдер де болған. Осы йтылғандардың бәрі  Чемпиондар Лигасының керемет сәттері болмақ. Ал, біздің күтеріміз не? Әрине, тартысты ойын. Өткен ойындарда біз күткен талас-тартыс болмай біраз қынжылтқаны бар. "Галатасарай"-"Челси" ойыны көңілімізден шығар деп ойлаймыз. Талғамға талас жоқ. Бәзбіреулер іш пыстырарлық ойын болды, біреулер осы кезеңдегі ең қызықты ойын болды дер. Бірақ, бір қуантатыны текетірес тағдыры толықтай шешілген жоқ. Екі ұжым 1:1 есебімен тарқасып, жолдаманы енді, Лондонда сарапқа салмақ. Сөз жоқ, "Челсидің" мысы басым. Қонақта гол салды, өз үйінде, өз жанкүйерлері алдында жеңіске ұмтылары айдан анық. Ал, "Галатасарай" бұл ойында тең түскенімен, қонақта міндетті түрде гол салмаса, былтырғы жетістіктерін қайталай алмас.  

26 ақпан. Стамбул. Стадион "Али Сами Йен". 51000 көрермен. Төреші- Карлос Веласко Карбальо (Испания).

ГАЛАТАСАРАЙ - ЧЕЛСИ - 1:1 (0:1)
 Фернандо Торрес, 9 (0:1). Орельен Шеджу, 65 (1:1).
Галатасарай Челси
 Фернандо Муслера  Петр Чех
 Эмманюэль Эбуэ  Бранислав Иванович
 Орельен Шеджу  Джон Терри
 Хакан Балта, 46  Гари Кэхилл
 Алекс Теллес  Сесар Аспиликуэта
 Изет Хайрович, 31  Рамирес
 Фелипе Мело  Фрэнк Лэмпард
 Сельчук Инан  Виллиан
 Уэсли Снейдер  Эден Азар, 90+2
 Бурак Йылмаз  Андре Шюррле, 67
 Дидье Дрогба, 80  Фернандо Торрес, 68
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Екта Куртулуш, 31  Джон Оби Микел, 67
 Семих Кайя , 46  Самуэль Это'О, 68
 Умут Булут, 80   Оскар, 90+2

Ескертулер:

 Сельчук Инан, 57  Джон Терри, 42
   Андре Шюррле, 57
   Рамирес, 58
   Петр Чех, 61

 

Күткен нәтиже, міне осы ойында болды. "Реал Мадрид" ширек финалда. Бұлай айтуға толықтай негіз бар. Сантяго Бернабеу стадионында бүгінгідей "Шальке", корольдік клубты тас-талқан етеді дегенге сену, хайуанға тіл бітеді дегенге сенумен бірдей емес пе.

26 ақпан. Гельзенкирхен. Стадион "Велтинс-Арена". 54442 көрермен.  Төреші - Ховард Уэбб (Англия).

ШАЛЬКЕ 04 - РЕАЛ МАДРИД - 1:6 (0:2)
 Карим Бензема, 13 (0:1). Гарет Бэйл, 21 (0:2). Криштиану Роналду, 52 (0:3). Карим Бензема, 57 (0:4). Гарет Бэйл, 69 (0:5). Криштиану Роналду, 89 (0:6). Клаас-Ян Хунтелар, 90+1 (1:6).
Шальке 04 Реал Мадрид
 Ральф Ферманн  Икер Касильяс
 Бенедикт Хеведес  Даниэль Карвахаль
 Жоэль Матип   Серхио Рамос
 Фелипе Сантана  Пепе
 Сеад Коласинац, 76   Марсело
 Кевин-Принс Боатенг, 59  Лука Модрич
 Роман Нойштэдтер   Хаби Алонсо, 73
 Джефферсон Фарфан, 72  Анхель Ди Мария, 68
 Макс Майер  Гарет Бэйл, 80
 Юлиан Дракслер  Карим Бензема
 Клаас-Ян Хунтелар  Криштиану Роналду
Ойын бараысында алаңға шыққандар:
 Леон Горецка, 59   Иско, 68
 Чинеду Обаси, 72  Асиер Илльярраменди, 73
 Кристиан Фухс, 76  Хесе, 80

Ескертулер:

 Бенедикт Хеведес, 62  Анхель Ди Мария, 29
 Клаас-Ян Хунтелар, 72  

 

  Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×