
«Тұран» футбол клубының шабуылшысы Константин Дорофеев Ресейдің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына шақырту алды.
Аталған құрам 5 және 8 маусым күндері Өзбекстан жастарына қарсы екі жолдастық матч өткізеді. Ойындар Ферғана қаласында өтеді.
Қазақстан Премьер-Лигасының биылғы маусымында Константин Дорофеев «Тұран» сапында 9 матчқа қатысып, ешқандай нәтижесімен көзге түспеген. Қазіргі таңда түркістандық клуб 9 турдан кейін, турнирлік кестеде 9-орында тұр. 25 мамырда «Тұран» Қазақстан чемпионатының 10-турында «Тобылды» қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET