
Мамыр айында Бірінші лигада көпшілікті таңғалдырып, фавориттерден ұпай алған "Оңтүстік" клубының екі ойыншысы 21 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасының тізіміне енді. Екінші лигадан көтерілген команда осы айда "Түркістан", "SD Family", "Хан Тәңірін" жеңіп, сырт алаңда "Ертіспен" тең тарқасқан болатын.
Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасының оқу-жаттығу жиыны 1 маусым күні басталады. Команда 2027 жылғы жастар Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін 5 маусым күні «Астана Аренада» өтетін Андорра U-21 құрамасына қарсы матчпен бастайды. Ойын сағат 19:30-да өтеді.
Қақпашылар
Санжар Ерниязов («Атырау»), Мирас Рихард («Ертіс»), Дулат Талыспаев («Кёге», Дания)
Қорғаушылар
Сұлтан Асқаров («Жетісу»), Рамазан Каримов («Жетісу»), Санжар Ануаров («Астана»), Александр Мигунов («Шахтер»), Эльхан Сандов («Шахтер»), Александр Мрынский («Қайрат»), Әли Турғанов («Оңтүстік»), Әліхан Серікбай («Каспий»)
Жартылай қорғаушылар
Абинұр Нұрымбет («Тұран»), Вячеслав Раскатов («Ертіс»), Дархан Бердібек («Ақтөбе»), Олжас Байбек («Қайрат»), Мирас Көбеев («Ислочь», Беларусь), Нұралы Жақсылық («Астана»), Мұхаммед Енсебаев («Сеута Б», Испания), Давид Есімбеков («Жетісу»), Хамза Мұхаметәли (AKAS)
Шабуылшылар
Артём Литош («Хан-Тәңірі»), Глеб Валгушев («Қызылжар»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтыбай («Оңтүстік»), Рамазан Бағдат («Қайрат»)
Бапкерлік штаб
Денис Мамонов (бас бапкер), Дмитрий Карпов (бас бапкердің көмекшісі), Талғат Байсуфинов (бас бапкердің көмекшісі), Жарқынбек Жоламанов (дене даярлығы бойынша жаттықтырушы), Нұрғазы Хайрулин (қақпашылар жаттықтырушысы)
Біздің серіктес: FONBET