
Грозныйлық “Ахмат” Ресей Премьер Лигасының 30-турындағы “Зенитке” қарсы матчына бара жатқан жолда қиындықтарға тап болды. Команда мінген ұшақ Санкт-Петербургтегі “Пулково” әуежайына найзағай мен қолайсыз ауа райы салдарынан қона алмай, Мәскеудегі “Внуково” әуежайына бағытталды.
"Санкт-Петербургтегі найзағай мен ауа райының қолайсыздығына байланысты біз “Внуковоға” қондық, жанармай құйып алдық. Қазір команда Санкт-Петербургке ұшып шықты.” – деп мәлімдеді команда.
Жанармай құйып алғаннан кейін команда сәтті түрде Санкт-Петербургке ұшып шыққан.
Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов өнер көрсететін “Ахмат” қазіргі таңда Ресей чемпионатында 25 ұпаймен 14-орында тұр. Ал 63 ұпайы бар “Зенит” көшбасшы “Краснодардан” бір ұпай артта.
Отандасымыз биылғы маусымда РПЛ-де 23 матч өткізіп, 6 гол соқты. Сарапшылардың бағалауынша, оның нарықтық құны – 1,80 миллион еуро.
Біздің серіктес: FONBET