27 жастағы жартылай қорғаушы Плярент Фейзая қазақстандық командамен келісімге келді, деп жазады Meta-ratings.kz.
Қорғанысқа жақын жартылай қорғаушы кәсіби футболға аяқ басқалы тек албаниялық клубтармен жұмыс жасаған. Атап айтар болсақ, «Бюлиса», «Буррели», «Камзы», «Динамо», «Томори Берат» және «Кукеси» ұжымдарында өнер көрсеткен.
Соңғы рет бой көрсеткен командасында Фейзая барлығы 27 матч өткізіп, 1 гол мен 1 голдық пас берді.
Transfermarkt Плярентті 150 мың еуроға бағалайды.
Түркістан ұжымы қазіргі сәтте қоржынындағы 12 ұпаймен турнирлік кестеде 11 орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET