Түркия Суперлигасы. "Галатасарай" қатысуындағы триллер

08.11.2015, 05:48
Түркия Суперлигасы. "Галатасарай" қатысуындағы триллер
Хамзы Хамзаоғлу шәкірттері матч барысында екі рет есепте алға шықса да, төреші қосқан қосымша уақытта жеңісті жіберіп алды.  Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі "Астананың" қарсыласы Түркия Суперлигасының 11-ші турында қонақта "Ризеспор" командасына 3:4 есебімен есе жіберді. Бірінші таймда Снайдер, екінші таймда Олджан Адин стамбұлдықтарды есепте алға шығарса да, алаң иелері 92-ші минутта есепті теңестіріп, 95-ші минутта жеңісті жұлып әкетті. "Галатасарай" 11 турдан кейін турнир кестесінің екінші сатысында тұр. Алайда, ертең "Фенербахче" Снайдер бастаған жігіттерді ол орыннан ығыстыруы мүмкін. "Галатасарай" мен "Астана" арасындағы екінші ойын желтоқсанның 8-і күні Стамбұлдың "Али Сами Йен" стадионында өтеді. Астанадағы бірінші ойында елордалық ұжым түріктермен тең түсіп, топтық кезеңдегі алғашқы ұпайына қол жеткізген еді. Түркия Суперлигасы. 11-ші тур. "Ризеспор" — "Галатасарай" 4:3(2:1) Голдар: Снайдер, 4(0:1). Акьюз, 19(1:0). Акьюз, 45(2:1). Подольски, 65(2:2). Олджан Адин, 75(2:3). Квеуке, 90+2(3:3). Кадах, 90+5(4:3).  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×