Тюрам Поштың бетіне түкіріп, алаңнан қуылды

20.12.2020, 06:31
Маркус адамшылыққа жатпайтын қылыққа барды.
Тюрам Поштың бетіне түкіріп, алаңнан қуылды

Бундеслиганың 13-туры аясындағы менхенгладбахтық “Боруссия” мен “Хоффенхайм” арасындағы ойынның екінші таймында 23 жасар Маркус Тюрам құрдасы Штефан Поштың бетіне түкіріп, төрешінің қызыл қағазымен “марапатталды”.

Ойынның 77 минутында Тюрам мен Пош бетпе-бет келіп, Тюрам Поштың бетіне түкіріп жібереді. Матчтың бас қазысы Вилленборг бұл сәтті байқамағандықтан, VAR-дың көмегіне жүгініп, 79 минутта франциялық шабуылшыны алаңнан қуды. Енді Маркусты біршама уақытқа футболдан шеттетуі мүмкін.

Ойыннан кейін “Боруссияның” бас бапкері Марко Розе: “Клубтың атынан кешірім сұрағым келеді. Мұндай дүниеге футболда орын жоқ. Бұл шектен шыққандық”, – деп ағынан жарылды.

“Боруссия” бұл матчта 1:2 есебімен есе жіберіп, 13 ойыннан кейін 18 ұпай еншілеп, сегізінші орынға жайғасқан. Ал “Хоффенхайм” 15 ұпаймен 11-орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×