Қазақстанның 19-жасқа дейінгі жастар құрама командасы бүгін Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Гранаткин мемориалы жарысында тағы бір жеңіліске ұшырады. Бұл жолы Сергей Тагиев командасы эстониялық құрдастарынан 5-2 есебімен ойсырай жеңілді. Қазақстан құрамасының сапынан гол соққан - Фарух Мирсалимбаев. Енді Қазақстан құрамасы 11-қаңтар күні 17-18 орындар үшін таласатын болады.