УЕФА Чемпиондар Лигасы тарихындағы үздік клубтардың тізімін жариялады

26.12.2020, 21:39
Рейтинг Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Кубогына қатысқан командаларға байланысты жасалды.
УЕФА Чемпиондар Лигасы тарихындағы үздік клубтардың тізімін жариялады

УЕФА Чемпиондар Лигасы тарихындағы ең үздік клубтардың рейтингін ұсынды. Рейтинг 1955 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңді қамтиды және Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Кубогындағы ойындарды ескереді. Командаларға жеңіс үшін 2 ұпай, тең нәтижеге 1 ұпай беріледі.

Рейтингтегі бірінші орынды Еуропа Кубогы мен Чемпиондар Лигасына 51 рет қатысып, 13 рет жеңімпаз атанған "Реал Мадрид" иеленді. Команда турнирлерде 445 кездесу өткізіп, оның 265-інде жеңіске жетіп, 77 рет тең ойнап, 103 ойында жеңіліп, 607 ұпай жинады.

Екінші орында турнирлерге 37 рет қатысқан және 6 рет жеңімпазы болған Мюнхеннің "Бавариясы" тұр. Мюнхендік клубта 495 ұпай бар (358 кездесу, 211 жеңіс, 73 тең ойын, 74 жеңіліс). Үшінші орынды турнирде 5 рет топ жарған және 31 рет аталмыш турнирге қатысқан "Барселона" иеленді. Каталондықтар 459 ұпай жинады (325 матч, 193 жеңіс, 73 тең ойын, 59 жеңіліс).

Рейтинг бойынша үздік 10 клубтың тізімі төмендегідей:

1. "Реал Мадрид" (Испания)

2. "Бавария" (Германия)

3. "Барселона" (Испания)

4. "Манчестер Юнайтед" (Англия)

5. "Ювентус" (Италия)

6. "Милан" (Италия)

7. "Ливерпуль" (Англия)

8. "Бенфика" (Португалия)

9. "Порту" (Португалия)

10. "Аякс" (Нидерланды)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×