УЕФА президенті Александр Чеферин Суперлигаға қатысатын командалардың ойыншылары өз ұлттық құрамаларында ойнай алмайтынын растады.
«Біздің ойын бәсекеге қабілеттілікке, әділеттілікке және спорттық көрсеткіштерге негізделген әлемдегі ең үлкен спорт түріне айналды. Біз бұл өзгеріске жол бермейміз. Ешқашан да. Біз миллиондаған адамдар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, саясаткерлер мен футбол сүйер қауымды бізді қолдауға шақырамыз, өйткені біз бұл турнирдің басталмауы үшін барымызды саламыз.
Бұрын ФИФА және алты конфедерация хабарлағагдай, Суперлигаға қатысатын командалардың ойыншыларына Әлем және Еуропа чемпионатында ойнауға тыйым салынады. Олар халықаралық матчтарда өз құрамаларының атынан шыға алмайды», - деді Чеферин УЕФА-ның баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Біздің серіктес: FONBET