УЕФА қаржылық фэйр-плэй ережесінен бас тартпақ

25.03.2021, 03:37
Аталған ұйым қаржылық бақылаудың жаңа жүйесін орнатпақ.
УЕФА қаржылық фэйр-плэй ережесінен бас тартпақ

УЕФА қаржылық фэйр-плэй ережелерінен бас тартуды жоспарлап отыр, деп жазады журналист Танкреди Палмери өзінің Twitter парақшасында.

Дереккөздің айтуынша, ұйым қаржылық бақылаудың жаңа жүйесін орнатпақ, бұл клубтарға қаражатты жұмсауға көп еркіндік береді.

Қаржылық фэйр-плей ережесі 2010 жылы бекітілген және 2011 жылдан бастап күшіне енді. Оның ережелерін бұзғаны үшін біраз клубтар жазаланды. Бұл ереженің басты мәні - командалар бір жылда сол маусымның қорытындысы бойынша тапқан ақшадан көп қаржы жұмсамауы керек.

Өткен жылы «Манчестер Сити» клубына осы ережелерді бұзды деген айып тағылды. Англиялық клуб екі жылға Чемпиондар Лигасынан шеттетілді. Алайда, соңында клуб спорттық арбитраждық сотқа (CAS) шағымданып, дисквалификацияның күшін жойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×