Қазақстан жастар құрамасы «Antalya Cup» турнирін жеңіспен бастады

25.03.2021, 03:04
Бұл Қайрат Нұрдәулетовтің бапкер ретіндегі алғашқы матчы болды.
Қазақстан жастар құрамасы «Antalya Cup» турнирін жеңіспен бастады

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U-21) Түркияда өткен "Antalya Cup" халықаралық турнирін жеңіспен бастады.

Алғашқы матчта Қайрат Нұрдәулетовтің шәкірттері Солтүстік Македония жастарын 2:1 есебімен жеңді. Барлық голдар екінші таймда соғылды. 56-минутта Сағи Совет жастар құрамасы сапындаға дебюттік голын соқты. Алаңға алмасып шыққан Абылайхан Жұмабек те алғашқы матчында алғашқы голын соқты.

Қазақстан (U-21): Даил Устименко (қ) - Сағи Совет, Дінмұхаммед Қашкен, Әділбек Жұмаханов, Лев Скворцов - Жаслан Қайыркенов, Сұлтан Сағнаев (К), Андрей Ульшин, Арман Кеңесов - Владислав Прокопенко, Максим Скорых;

Қосалқы құрам: Дінмұхаммед Жомарт (қ) - Шахсултан Зубайдильда, Аслудин Хаджиев, Микаэль Аскаров - Арсен Буранчиев, Дмитрий Бачек, Дінмұхаммед Қараман, Бекзат Иманғазиев, Алияр Мұхаммед - Абылайхан Жұмабек.


26 наурызда Қазақстан жастар құрамасы Болгариямен (басталуы 20:00-де), екі күннен кейін Өзбекстан құрамасымен (19:00-де) кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×