«Ювентус» Роналду мен Пирлоның болашағына қатысты шешім қабылдады

25.03.2021, 00:39
Соңғы кездері бас бапкер мен Роналдудың клубтан кететінін туралы әңгімелер көбейіп кеткен еді.
«Ювентус» Роналду мен Пирлоның болашағына қатысты шешім қабылдады

«Ювентус» клубының вице-президенті Павел Недвед команданың шабуылшысы Криштиану Роналду мен бас бапкер Андреа Пирлоның командадағы тағдыры туралы айтты.

«Криштиану «Ювентуста» қалады, оны бізден ешкім ала алмайды. Сонымен қатар Пирло да келесі маусымда біздің жаттықтырушымыз болады», - деді Недвед DAZN-ға берген сұхбатында.

Бұған дейін Пирло мен «Ювентус» президенті Андреа Аньели арасында қақтығыстың болғаны хабарланған еді. Туриндік клуб мадридтік «Реалдың» қазіргі бапкері Зинедин Зиданмен келіссөздер жүргізуге де дайын болған. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының соңғы хабарларына қарағанда, Роналду «Реал Мадридке» оралуға дайын екен.

55 ұпаймен «Ювентус» Италия чемпионатының турнирлік кестесінде үшінші орында келе жатыр. Команданың соңғы матчтағы жеңілісі оларды чемпионаттың көшбасшысы «Интерден» 10 ұпайға алшақтатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×