Юрий Логвиненко мансабын қайда жалғастырады?

25.03.2021, 00:11
Футболшыға «Ақтөбеден» ұсыныс түскен екен.
Юрий Логвиненко мансабын қайда жалғастырады?

Жақында волгоградтық "Ротормен" келісім-шартты бұзған Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Юрий Логвиненко мансабын жалғастыру туралы шешім қабылдаған жоқ, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет.

Оның айтуынша, ойыншы Қазақстан чемпионатына қайта оралуы мүмкін. Атап айтқанда, Логвиненкоға өзінің алғашқы клубы "Ақтөбеден" ұсыныс келіп түскен.

"Логвиненко қазір Астанада жүр, ол жарақатынан емделіп жатыр. Ол өзінің алғашқы командасы "Ақтөбеден" ұсыныс алғанымен, болашағы туралы әлі шешім қабылдаған жоқ. Логвиненконың өзі асыққысы келмейді. Ол жарақатынан айыққаннан кейін ғана жаңа клубпен келісім-шарт жасаспақ.

Сонымен қатар ойыншы міндетті түрде жүлделі орындар үшін таласатын үздік клубтардан - "Астана", "Тобыл" және "Ордабасы" секілді командалардан ұсыныс күтуді жөн көреді. "Қайратқа" ауысу мүмкіндігі аз", - деп жазды инсайдер.

22 наурызда "Ротор" Логвиненкомен қош айтысқанын хабарлады. Қорғаушы аталған клубқа маусымаралық үзіліс кезінде ауысқанымен жарақатына байланысты бірде-бір матчқа қатыспады. Ойыншының өзі клубқа келісім-шартты бұзу туралы өтінішпен жүгінген екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×