УЕФА қазақстандық клубтарға еурокубок матчтарын қайда ойнайтынын анықтап берді

07.08.2020, 22:48
Қазақ клубтары ойындарын шет елде өткізуі мүмкін.
УЕФА қазақстандық клубтарға еурокубок матчтарын қайда ойнайтынын анықтап берді

Қазақстандық клубтар коронавирусқа байланысты қиын жағдайға тап болып қалатын болса Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасындағы ойындарын Грузияда өткізуі мүмкін. Мұндай жағдайды УЕФА қарастырып жатыр деп айтты Грузия футбол федерациясының президенті Леван Кобиашвили. 

"Егер кейбір клубтар матчтарын өз алыңында өткізе алмаса немесе ол елге кіре алмайтын болса УЕФА ойынды Грузияда өткізуді жоспарлап отыр. Мұндай ойындарды Кипр қабылдай алатын айтты. 

Сондай-ақ УЕФА бізге де хабарласты. Енді ары қарай шешім тек бізге байланысты. Әрине қиындықтар бар. Бізге қандай клуб пен қандай құрамалар келетінін қарауымыз керек. Мысалы, Қазақстанда жағдай қиын. Бірақ бұл УЕФА жоспары. Егер бұл ел өз алаңында матч өткізе алмайтын болса, біз ойынды өткізуді ойластырып көреміз. Бұл біздің елдің абыройын да көтеретіні анық", - деді Кобиашвили. 

Айта кетейік, Чемпиондар лигасында біздің елдің намысын "Астана" қорғайды. Ал Еуропа лигасында "Қайрат", "Ордабасы", "Қайсар" клубтары өнер көрсетеді. Биыл іріктеу кезеңінде жеңімпаздар тек бір ойынның қорытындысы бойынша анықталады. 

ЧЛ-ның бірінші іріктеу кезеңінің жеребесі 9 тамызда тартылады. Бірінші ойындар 19-20 тамызда өтеді. Ал Еуропа лигасының жеребесі 10 тамызда болады. Ойындар 27 тамызда басталады. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×