Кеше, 28 мамырда УЕФА-ның клубтық жарыстар жөніндегі комитеті еурокубоктегі сырт алаңда соғылған гол ережесін толығымен алып тастау туралы шешім қабылдады, деп жазды журналист Мартин Циглер өзінің твиттер парақшасында.
Порту қаласында өткен кездесуде УЕФА клубтардың осы ережені жоюға толық қолдау білдіргенін мәлімдеді. Бұған дейін Еуропаның жетекші клубтары қонақта соғылған голдар екі матчтың да тек негізгі уақытына жарамды болады деген тұжырымдаманы ұстанып, түзетулердің бұл нұсқасын қабылдамады. Егер екінші кездесудің соңында қосымша уақыт тағайындалса, сырт алаңда ойнап жатқан команданың соққан голы ешқандай да мәнге ие болмайды.
Өзгеріс УЕФА Атқару комитеті мақұлдағаннан кейін күшіне енеді.
Біздің серіктес: FONBET