УЕФА жасөспірімдер лигасының жеңімпазы - «Челси»

14.04.2015, 23:40
УЕФА жасөспірімдер лигасының жеңімпазы - «Челси»
Лондондық «Челси» клубының аяқдопшылары УЕФА жасөспірімдер лигасының финалында донецкілік «Шахтерді» ұтып, турнир жеңімпаздары атанды. Финалдық ойын Швейцарияның Ньон қаласында өтті. Ойындағы қорытынды есеп – 3:2. Жеңімпаздар сапынан команда капитаны Айзая Браун ойынның 7-ші және 55-ші минутында гол соғып, дубль жасады. «Челсидің» тағы бір голын 47-ші минутта Доминик Соланке соқты. Ал «Шахтер» сапынан 90-шы минутта Виктор Коваленко қарсылас қақпасының осал тұсын таба білді. Мачта автогол да тіркелді. «Көк жейделілердің» қорғаушысы Андреас Кристенсен 37-ші минутта өз қақпасына байқаусызда доп кіргізіп алды. Естеріңізге сала кетейік, ең алғашқы УЕФА жасөспірімдер лигасы 2013-2014 жылдары өткен болатын. Финалда каталондық «Барселона» португалдық «Бенфикамен» кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×