УЕФА өзінің ресми сайтында 2020 жылдағы үздік футболшылардың символикалық құрамын жариялады.
Жылдың құрамына өткен маусымда "Бавариямен" требл жеңіп алған бес ойыншы кірді. Бұл құрамға үміткерлер ретінде Топ-5 лиганың футболшылары ұсынылды.
Жылдың үздік құрамы: Мануэль Нойер - Йозуа Киммих (екеуі де - "Бавария"), Серхио Рамос ("Реал" Мадрид"), Вирджил ван Дейк ("Ливерпуль"), Альфонсо Дэвис ("Бавария") - Тиаго Алькантара ("Бавария" / "Ливерпуль"), Кевин Де Брёйне ("Манчестер Сити") - Лионель Месси ("Барселона"), Криштиану Роналду ("Ювентус"), Неймар ("Пари Сен-Жермен"), Роберт Левандовски ("Бавария").
Естеріңізге сала кетейік, жыл командасына үміткерлер тізіміне бастапқыда 50 ойыншы енгізілген болатын. Үздік 11 ойыншыға дауыс беру УЕФА сайтында жүргізілді.
Біздің серіктес: FONBET