Кеше ғана ағылшын премьер-лигасының 34 тур ойындары да аяқталды. Көш басында келе жатқан «МЮ» өз алаңында «Астон Вилладан» төрт доп айырмасымен алға шығып, турнир кестесіндегі жеңісті уысында ұстап келеді. Осы ағылшын премьер-лигасындағы соңғы турларда барын салып, азуы алты қарыс командаларға қарсы ойнап, ұпай жинап келе жатқан командалардың бірі-«Уиган Атлетик».
Ағылшын премьер-лигасындағы соңғы екі турда «МЮ» мен лондондық «Арсеналды» жеңіп, «қауіпті аймақтан» алға жылжыған «Уиганның» ерлігін ерекше атап өтуге болады. Роберто Мартинес жаттықтырып келе жатқан команда биылғы маусымда сәтті ойын өрнегін көрсетті деп айта алмаймыз. Алайда соңғы кездері бұл команданың ойынына жан біткендей. Кеше ғана «Эмирейтс» стадионындағы ойында лондондық клубтан 3 ұпайды қанжығасына байлаған уигандықтар 34 ұпаймен 16 орынға табан тіреді. Өйткені енді бұл команданың жанталасып бағудағы мақсаты да айдан-анық. Ол-төменгі лигаға түсіп қалмау. «Арсеналмен» болған ойында қонақтар бірден шабуылға ден қойған болатын. Олардың бұл ойы да өз нәтижесін берді. Ойынның 7 минутында Ф.Ди Санто есеп ашса, араға небәрі 1 минут салып Х.Гомес есепті еселеді. 20 минуттағы жауап ретінде соғылған Т.Бермаленнің голы лондондықтарды жеңілістен құтқара алмады. Уигандықтар қорғаныста да шебер ойын көрсете білді. Енді бұл команда 21 сәуірде «Фулхэмде» қонақта болады.
34 тур қорытындысы бойынша ағылшын премьер-лигасындағы ойын нәтижелері төмендегідей:
14 сәуір, сенбі
15 сәуір, жексенбі
16 сәуір, дүйсенбі
Турнир кестесі
Көш бастап келе жатқан мергендер:
35 тур ойындары 21-22 сәуірде өз жалғасын таппақ. Мұнда көш басындағы «МЮ» «Эвертонды» өз алаңында қабылдаса, «Арсенал» мен «Челсидің» ойыны нағыз тартысты кездесу болары да сөзсіз.
21 сәуір, сенбі
22 апреля, воскресенье
Өмірбек САНСЫЗБАЙ