"Ертіс" тоқтар емес...

16.04.2012, 01:43
"Ертіс" тоқтар емес...

Керекулік "Ертіс" турнирлік кестеде бірінші орынға шықты. Өз алаңында қаскелеңнің "Сұңқар" командасын тас-талқан етіп ұтқан Байсуфинов шәкірттері голды қарша боратты. Ойынның 8-минутында есеп 3:0 болып тұрды. Алғашқы қарқынның қаттылығы соншалық, оныншы минутта кездесудің тағдыры шешілген болатын. Сонымен, осындай ірі жеңістен кейін павлодарлық "Ертіс" жеке дара көш бастап тұр. Ал оны өкшелейп келе жатқан ұжымдардың ішінен қостанайлық "Тобылды" атап өтер едік. Грозныйдың шәкірттері өз алаңында екі доп айырмасымен ұтылып жатып, жеңіске жетті. Бұл турда "Ордабасының" өз алаңында "Жетісуды" ұтқаны күтпеген жағдай болды. Төрт мәрте қақпадан доп алып шығуға мәжюүр болған талдықорғандықтар биылғы маусымда тұрақтылықтан айырылып жүр. Ал, Огай мен Когай арасындағы теке тіресте тең нәтиже тіркелді. Украиналық бапкерлердің арасында болған тағы бір кездесуде Грозный баптайтын "Тобыл" жеңісті суырып әкетті.

Премьер-лигаға оралған Орал қаласының "Ақжайық" командасы "Ақтөбені" ұтты. Әзірге словакиялық маман Иозеф Шкрлик сенімді ақтауда. Ел чемпионы әзер дегенде "Таразды" ұтып, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алды. Өз алаңында ұтылмаған ұжымдар бұл турда да дәстүрден айнымады.

7-турда қызық келе жатқан біріншілігіміздің шыжығын одан әрі қызықтай түсетін боламыз. Келесі тур сәуірдің 22-сі күні өтеді.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Футбол. Қазақстан. Премьер-лига «Кайрат» — «Кайсар» 1:1 (1:0) Голы: Кнежевич с пенальти 25 (1:0), Вагнер 59 (1:1) «Тобыл» — «Астана» 3:2 (1:2) Голдар: Нөсербаев 6 (0:1), Кетевоама 12 (0:2), Джолчиев 45 (1:2), Костюк 57 (2:2), Богданов 66 (3:2) «Ертіс» — «Сұңқар» 4:0 (3:0) Голдар: Юрин 1 (1:0), Струков 6 (2:0), Эссомба 8 (3:0), Мальцев 90 (4:0) «Шахтер» — «Тараз» 1:0 (0:0) Гол: Вичюс 55 (1:0) «Оқжетпес» — «Атырау» 1:2 (1:1) Голдар: Чагелишвили 5 (1:0), Буач 30 (1:1), Родионов 54 (1:2). «Ордабасы» — «Жетісу» 4:1 (2:0) Голы: Әшірбеков 10 (1:0), Мвесигва 12 (2:0), Нұрғалиев пенальти 52 (2:1), Гуйе 67 (3:1), Касьянов 72 (4:1). "Ақжайық" - "Ақтөбе" 1:0 Гол: Волканов 71. 6-ТУРДАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ
О Ұ Т Ұ Д Ұ
1. Ертіс Павлодар 6 4 2 0 15:4 14
2. Тобыл 6 4 1 1 15:9 13
3. Ақжайық 6 4 1 1 11:5 13
4. Шахтер Караганда 6 4 0 2 11:5 12
5. Тараз 6 4 0 2 6:4 12
6. Ордабасы 5 3 2 0 8:3 11
7. Атырау 6 2 2 2 8:8 8
8. Ақтөбе 6 2 1 3 6:4 7
9. Астана 5 2 1 2 8:8 7
10. "Қайрат" Алматы 6 2 1 3 6:9 7
11. Жетісу 6 2 0 4 9:16 6
12. Сұңқар 6 1 2 3 2:8 5
13. Қайсар 6 0 1 5 5:13 1
14. Оқжетпес 6 0 0 6 3:17 0
«Кайрат» — «Кайсар» 1:1 (1:0) Голы: Кнежевич с пенальти 25 (1:0), Вагнер 59 (1:1) «Тобол» — «Астана» 3:2 (1:2) Голы: Нусербаев 6 (0:1), Кетевоама 12 (0:2), Джолчиев 45 (1:2), Костюк 57 (2:2), Богданов 66 (3:2) «Иртыш» — «Сункар» 4:0 (3:0) Голы: Юрин 1 (1:0), Струков 6 (2:0), Эссомба 8 (3:0), Мальцев 90 (4:0)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Алтыншы тур алдында
Серіктес жаңалықтары
×