Алтыншы тур алдында

14.04.2012, 07:36
Алтыншы тур алдында
Қазақстан премьер лигасының алтыншы турының алдында қай команда кіммен ойнайды және сол кездесулерден қандай нәтиже күтуге болады деген сұрақтарға жауап іздеп көрсек. Алдымен алтыншы турдың күнтізбесіне назар салыңыз. VI тур 15 сәуір (жексенбі) 36. Шахтер – Тараз 37. Ордабасы – Жетісу 38. Ақжайық – Ақтөбе 39. Қайрат – Қайсар 40. Ертіс – Сұңқар 41. Тобыл – Астана 42. Оқжетпес – Атырау

"Шахтер" өз алаңында ұпайдан шашау шығармаған командалардың бірі. Ондай командалардың қатарына осы турдағы ойынын өз алаңында өткізетін "Тобылды" да жатқызуға болады. Бұл екі команда өз алаңындағы матчтарда тек қана жеңіске жетіп отырған. Көш бастап келе жатқан "Тараз" осы турда тағы да ұпай жоғалтып,бірінші сатыға керекулік команданы жіберетін шығар. Демек, "Ертістің" адуынды шабуылы "Сұңқарды" жеңе алатынына сенімдіміз. "Қайрат" осы біріншілікті өте сәтсіз бастаған "Қайсао" командасын жеңіп, жергілікті жанкүйер алдында бір серпілуді ойлайды. Огай мен Когай шәкірттерінің арасындағы теке тіресте алаң иелері үш ұпай олжалауы тиіс.

"Ақжайық" өз алаңында әлі ұтылып көрмеген екен. Осы статистиканы мүмкін осы жолы түзетуге болатын шығар. Оның үстіне "Ақтөбе" осыған ыңғай бар команда. Сырт алаңда ұпай алып, осы бастан турнирлік кестенің жоғарғы бөлігін жаулай бастау - Мухановтың негізгі ойының бірі.

"Ордабасы" - "Жетісу" арасындағы кездесуге болжаv жасау оңай емес. Қос команданың өз артықшылықтары болып тұр. Сондықтан да, осы матчта тең нәтиже тіркелсе таң қалмайық.

"Оқжетпес" бапкер таңдау мәселесінде қатты қателескенін енді ұқты. Украиналық бапкер келіп екінші сұрыпты легионерлерді шақыртып, Көкшетау командасын тақырға отырғызды. Өз алаңында ең болмағанда осы турда барлық күшті салып, ұпай алуға тырысады. Бірақ, "Атыраудың" қарқыны қаттырақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×