«Уиган» жанталасып бағуда

18.04.2012, 19:17
«Уиган»  жанталасып бағуда

Кеше ғана ағылшын премьер-лигасының 34 тур ойындары да аяқталды. Көш басында  келе жатқан «МЮ» өз алаңында «Астон Вилладан» төрт доп айырмасымен алға шығып, турнир кестесіндегі жеңісті уысында ұстап келеді. Осы ағылшын премьер-лигасындағы соңғы турларда барын салып, азуы алты қарыс командаларға қарсы ойнап, ұпай жинап келе жатқан командалардың бірі-«Уиган Атлетик».

   Ағылшын премьер-лигасындағы соңғы екі турда «МЮ» мен лондондық «Арсеналды» жеңіп, «қауіпті аймақтан» алға жылжыған «Уиганның» ерлігін ерекше атап өтуге болады. Роберто Мартинес жаттықтырып келе жатқан команда биылғы маусымда сәтті ойын өрнегін көрсетті деп айта алмаймыз. Алайда соңғы кездері бұл команданың ойынына жан біткендей. Кеше ғана «Эмирейтс» стадионындағы ойында лондондық клубтан 3 ұпайды қанжығасына байлаған уигандықтар 34 ұпаймен 16 орынға табан тіреді. Өйткені енді бұл команданың жанталасып бағудағы мақсаты да айдан-анық. Ол-төменгі лигаға түсіп қалмау.  «Арсеналмен» болған ойында қонақтар бірден шабуылға ден қойған болатын. Олардың бұл ойы да өз нәтижесін берді. Ойынның 7 минутында Ф.Ди Санто есеп ашса, араға небәрі 1 минут салып Х.Гомес есепті еселеді. 20 минуттағы жауап ретінде соғылған Т.Бермаленнің голы лондондықтарды жеңілістен құтқара алмады. Уигандықтар қорғаныста да шебер ойын көрсете білді. Енді бұл команда 21 сәуірде «Фулхэмде» қонақта болады.

    34 тур қорытындысы бойынша ағылшын премьер-лигасындағы ойын нәтижелері төмендегідей: 14 сәуір, сенбі
15:45 Норвич Сити 1
Манчестер Сити 6
18:00 Сандерленд 0
Вулверхэмптон 0
 
18:00 Суонси Сити 3
Блэкберн 0
18:00 Вест Бромвич 1
КПР 0
15 сәуір, жексенбі
19:00 Манчестер Юн 4
Астон Вилла 0
    16 сәуір, дүйсенбі
23:00 Арсенал 1
Уиган 2
 

 Турнир  кестесі

1. Манчестер Юн 34 26 4 4 82:28 82
2. Манчестер Сити 34 24 5 5 85:27 77
3. Арсенал 34 20 4 10 67:43 64
4. Тоттенхэм 33 17 8 8 57:38 59
5. Ньюкасл 33 17 8 8 50:42 59
6. Челси 33 16 9 8 56:38 57
7. Эвертон 33 13 8 12 38:34 47
8. Ливерпуль 33 12 10 11 40:36 46
9. Сандерленд 34 11 10 13 42:41 43
10. Фулхэм 33 11 10 12 43:43 43
11. Норвич Сити 34 11 10 13 47:58 43
12. Суонси Сити 34 11 9 14 38:44 42
13. Вест Бромвич 34 12 6 16 40:47 42
14. Сток Сити 33 11 9 13 32:45 42
15. Астон Вилла 33 7 14 12 35:48 35
16. Уиган 34 8 10 16 33:58 34
17. КПР 34 8 7 19 38:57 31
18. Болтон 32 9 2 21 36:65 29
19. Блэкберн 34 7 7 20 45:73 28
20. Вулверхэмптон 34 5 8 21 34:73 23
  Көш бастап келе жатқан мергендер:
Ойыншы Команда О Г(пен) Г/И
1. Ван Перси Робин Арсенал 34 27(2) 0.79
2. Руни Уэйн Манчестер Юн 30 24(6) 0.80
3. Агуэро Серхио Манчестер Сити 30 21(3) 0.70
4. Айегбени Якубу Блэкберн 26 16(4) 0.62
5. Ба Демба Ньюкасл 29 16(2) 0.55
6. Демпси Клинт Фулхэм 33 16(0) 0.48
7. Балотелли Марио Манчестер Сити 22 13(3) 0.59
8. Джеко Эдин Манчестер Сити 27 13(0) 0.48
35 тур ойындары 21-22 сәуірде өз жалғасын таппақ. Мұнда көш басындағы «МЮ» «Эвертонды» өз алаңында қабылдаса, «Арсенал» мен «Челсидің» ойыны нағыз тартысты кездесу болары да сөзсіз. 21 сәуір, сенбі
15:45 Арсенал Челси
18:00 Астон Вилла Сандерленд
 
18:00 Блэкберн Норвич Сити
18:00 Болтон Суонси Сити
 
18:00  Фулхэм Уиган

18:00 Ньюкасл Сток Сити
 
20:30 КПР Тоттенхэм
22 апреля, воскресенье
15:30 Манчестер Юн Эвертон
19:00 Ливерпуль Вест Бромвич
 
19:00 Вулверхэмптон Манчестер Сити

 Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×