"Рух" Львов клубының бұрынғы капитаны Игорь Дуць Қазақстанның Бірінші лигасында бақ сынайтын "Оқжетпес" командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды FootBoom басылымы.
Футболшы қазірдің өзінде көкшетаулық клубтың ОЖЖ-на қатысуда және жақын арада командамен толыққанды келісім-шарт жасасуы мүмкін.
Бұған дейін Дуць "Ақжайыққа" ауысады деп күтілген еді, бірақ қос тарап ымыраға келе алмады. "Оқжетпеске" тағы екі украиналық футболшы қосылуы мүмкін: Дмитрий Рыжук пен Виталий Гошкодеря.
26 жастағы Дуць бұған дейін "Ильичивец" пен "Шахтер-3" командаларында ойнаған. Ол өз елінің жастар және жасөспірімдер құрамаларына шақыртылған.
Біздің серіктес: FONBET