Украиналық футболшы ҚПЛ жайлы: «Локомотивтегі» ең көп мөлшерде алған сыйақым – 10000 АҚШ доллары болды

10.04.2025, 16:40

«Ордабасы», «Локомотив» (қазіргі Астана) «Тараз», «Қайсар» мен «Атыраудың» намысын қорғаған украиналық легионер Роман Пахолюк Қазақстандағы айлығы мен сыйақылары жайлы айтты.

Украиналық футболшы ҚПЛ жайлы: «Локомотивтегі» ең көп мөлшерде алған сыйақым – 10000 АҚШ доллары болды
Роман Похалюк

«Локомотивтегі ең көп мөлшерде алған сыйақым – 10000 АҚШ доллары болды. Мұндай бонусты чемпионатта алтынға таластағы негізгі бәсекелесіміз  «Ақтөбені» ұтқан кезде берілетін. «Тобылға» қарсы ойындағы премиальный ақшаның да мөлшері сондай болатын. Ал 2010-жылы Қазақстан Кубогінің финалындағы жеңісімізге де сол 10000 АҚШ долларының көлеміндегі сыйақы алдық. Жалпы, Қазақстанда қаржылық жағынан ең жақсы жағдай «Локомотивте» ойнаған кезімде болған», - деді украиналық футболшы Ukrfootball.ua сайтына берген сұқбатында.

Роман Пахолюк спорттық мансабын 2016-жылы аяқтаған. Ең соңғы клубы «Арсенал» Киев командасы. Қазақстандағы соңғы ұжымы шымкенттік «Ордабасы». Жалпы, Р. Пахолюк ҚПЛ-де 132 ойында өнер көрсетіп, 18 рет мергендік танытқан және 3 ассист берген. Қазір скаут болып жұмыс істейді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×