Ұлан Қонысбаев мансабын қайта жандандырмақ

23.05.2021, 19:29
Ұлан соңғы екі жыл бойы командасыз жүрді.
Ұлан Қонысбаев мансабын қайта жандандырмақ

31 жастағы Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев жақын арада "Тараз" ойыншысы атанады.

Жамбылдық клубтың түлегі болып табылатын Ұлан соңғы екі жыл бойы жарақатына байланысты футболдан қол үзіп қалған еді. Өткен жылы Германияда жасатқан отасы сәтті өтсе керек, футболшы кәсіби мансабын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін Қонысбаевтың "Тараз" клубымен бір мәмілеге келгені хабарланған еді. Ал кеше футболшы өзінің инстаграм парақшасында Тараздағы Орталық стадионда жүргенін жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×