Роберт Левандовски Герд Мюллердің тарихи рекордын жаңартты

23.05.2021, 20:59
Роберттің жарақатына байланысты бес матчқа қатыса алмағанын айта кетейік.
Роберт Левандовски Герд Мюллердің тарихи рекордын жаңартты

"Бавария" клубының шабуылшысы Роберт Левандовски Бундеслиганың 34-турында "Аугсбургқа" қарсы өткен матчтың 90-минутында гол соқты (5:2). Поляк футболшысы "Баварияның" бұрынғы шабуылшысы Герд Мюллердің "мәңгілік" рекордын жаңартты.

Левандовски Германия чемпионатының осы маусымында 29 кездесуге қатысып, 41 гол соқты. Ал Герд Мюллер 1972/1973 жылғы маусымда 36 гол, 1969/1970 жылғы маусымда - 38 гол соқты және бір жылдан кейін чемпионатта 40 гол соғып, тарихи рекорд орнатқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл "Бавария" кезекті рет Германия чемпионы атанды. Осылайша, мюнхендік клуб қатарынан тоғызыншы рет (2013-2021 жж) алтыннан алқа тақты. Жалпы "неміс мәшінесі" ұлттық чемпионатта 31 рет топ жарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×