«Жетісу» қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

24.05.2021, 00:20
Қос голды да қазақстандық футболшылар соқты.
«Жетісу» қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

"Қайсар" Қазақстан чемпионатының бірінші айналымындағы соңғы матчта "Жетісумен" кездесті. Ойын Қызылордадағы Ғани Мұратбаев стадионында өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.

Алғашқы гол 32-минутта соғылды. "Жетісудың" жартылай қорғаушысы Адам Адахаджиев айып добын тамаша орындап есеп ашты. Ал 59-минутта командаоасынан пас алған Аслан Әділ бір ойыншыны алдап өтіп, қақпаны дәл көздеді.

Үш ұпайды қоржынға салған талдықорғандық клуб "Қайсармен" теңесті. Екі команда да жеті ұпайдан жинап, турнирлік кестеде ең соңғы орындарға жайғасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×