Қазақстан премьер лигасының 11-турында “Тараз” қақпасына доп соққан Ұлан Қонысбаев голды анасына арнады.
Ойынның 33 минутында қақпаны Қонысбаев дәл көздеп, есепті 2:0-ге жеткізді. Гол соға сала жейдесін басынан асыра шешкен ол, жанкүйерлерге “Мама, туған күніңмен” деген жазуды көрсетті. Сонымен қатар, бұл әрекеті үшін Ұлан Қонысбаев сары қағаз алды.
Естеріңізге сала кетейік, 11-турда “Астана” клубы “Таразды” 3:1 есебімен ұтып кетті.