“Ницца” клубында өнер көрсеткен қаптал қорғаушы Юсеф Аталь түркиялық “Адана Демирспор” ұжымына ауысты, деп жазады Аладоп.кз.
Еске салайық, өткен жылдың басында алжирлік өзінің әлеуметтік желісіне жариялаған посты үшін заң алдында жауап берген болатын. Аталмыш постында Аталь еврей халқының төбесіне қара бұлт төңдіру керек екендігін жазып, өз оқырмандарын Израиль еліне айдап салмақшы болған. Осы пиғылы үшін сот оны 8 ай қамауға алып, онымен қоса 45 мың еуро айыппұл төлеуге міндеттеді.
Алжирлік ойыншының Адана командасымен қай уақытқа дейін келісімгартқа отырғандығы жайында нақты ақпарат жоқ.
Еске салайық, түрік ұжымы бұған дейін 20 жастағы жартылай қорғаушы Антонио Симао Муанзамен келісімге келген болатын.
Біздің серіктес: FONBET