Ұлттар Лигасының «Төрттік финалына» қатысушылардың барлығы белгілі болды.
А лигасындағы топтардың жеңімпаздары Италия, Бельгия, Франция және Испания құрамалары турнирдегі соңғы жеңіс үшін таласатын болады.
Ұлттар лигасының элиталық дивизионынан Босния және Герцеговина, Исландия, Швеция және Швейцария шығып қалды. Ал А дивизионына Австрия, Чехия, Венгрия және Уэльс көтерілді.
Бельгиялық шабуылшы Ромелу Лукаку бес голмен Ұлттар лигасының А дивизионындағы ең үздік сұрмерген атанды. В лигасында бұл атақ Холландқа бұйырды (6 гол).
Біздің серіктес: FONBET