
Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Алиев маусым айындағы матчтар алдында команданың жағдайы туралы пікір білдірді.
"Бірқатар ойыншыдан айырылып жатырмыз. Роман Асранқұловқа қолдау білдіргім келеді. Оның отбасында қайғылы жағдай болды. Әлібек Қасымда кішігірім жарақат бар. Ал Абат Айымбетов мүлде құрамда жоқ.
Айбар Жақсылықовты пневмониямен келген соң жоғалттық. Оның орнына Рамазан Кәрімовты шақырдық. Алайда МРТ түсірілімінен кейін омыртқа бұлшық етінде жарақат анықталды", – деді Әлиев.
Айта кетейік, ұлттық құрама 5 маусымда Беларусьпен жолдастық кездесу өткізсе, 9 маусымда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Македонияға қарсы алаңға шығады.
Біздің серіктес: FONBET