
Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев шабуылшы Дастан Сәтпаевтың қос құрамада ойнауына қатысты ойын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, 16 жасар шабуылшы 5- маусымда Андорра U21 құрамасына қарсы ойнаса, 9-маусымда ұлттық құрама сапында Солтүстік Македонияға қарсы матчта өнер көрсетпек.
«Керісінше, жас футболшыға көбірек ойнау керек. Жарақатты жаттығу кезінде де алып қалуға болады. Жастар құрамасы үшін де нәтиже маңызды және нақты мақсаттары бар. Сондықтан, Дастан ол жаққа да көмектеседі. Оның үстіне, Солтүстік Македонияға қарсы матч алдында оның «Астана Аренада» ойнағаны да септігін тигізеді», - деді бас бапкер.
Дастан Сәтпаев биыл ҚПЛ-де 12 ойында 8 гол мен 3 ассисттің авторы атанды. Шабуылшы ұлттық команда сапында 2 кездесуде өнер көрсеткен болатын (ӘЧ іріктеуінде Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы).
Біздің серіктес: FONBET