
Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев ұлттық құрамаға ойыншыларды тек Премьер-лига арқылы ғана іріктемейтінін айтты.
— Бірінші лиганың ойындарына барып, футболшылардың шеберлігін сараптап жүрмін. «Қайрат-Жастар» командасында талантты ойыншылар жеткілікті. Солардың ішінде алматылық Олжас Байбекті ұлттық құраманың үміткері ретінде атап өтуге болады. Сондай-ақ «Ertis», «Шахтер», «Оңтүстік» клубтарының ойынын да көрдім.
Жарқын мысал ретінде «Оқжетпес» командасын келтіруге болады. Биыл ғана Премьер-лигаға қосылса да, Бірінші лиганың үздік ойыншысы Дәурен Жұмат пен Алияр Мұхаммед өздерінің жеңіске деген құлшынысын дәлелдей алды.
Футболшыларды әрдайым бақылауда ұстап отырамын, — деді ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев.
Біздің серіктес: FONBET