«Каспийде» ұрланған ақша Боранбаевтың есепшотына түскен? Тағы бір дау шыққалы тұр

04.06.2025, 13:54

«Каспийдің» бұрынғы директоры Ержан Жамбыровқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Каспийде» ұрланған ақша Боранбаевтың есепшотына түскен? Тағы бір дау шыққалы тұр
Ашық дереккөз: Ержан Жаңбыров "Каспий" ФК бұрынғы директоры

Сондай-ақ, клубтың бірнеше бұрынғы қызметкері де қылмыстық жауапқа тартылды. Іс материалдарына сәйкес, 2023- жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін «Каспий» клубының есепшотынан заңсыз түрде 20 279 100 теңге шешілген. Бұл қаражаттың клубтың бас менеджері Данияр Боранбаевтың жеке шотына тиісті құжаттарсыз аударылғандығы анықталған. Тергеу дерегі бойынша, бұл соманың 11 900 000 теңгесін Жамбыров, ал қалғанын Д. Боранбаев иемденген.

Сөйтіп, сот шешімімен Ержан Жамбыровтың үш серіктесіне 4 жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, ал басты айыпталушының өзі 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде өтейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 3
Күлкілі 7
Масқара 8
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×