- Беларусь пен Солтүстік Македония құрамалары өте ұқсас. Қос команда да үш қорғаушымен ойнайды. Жақсы спарринг қарсылас таңдалды. Білікті футболшылар жинақталған. Оның кейбірі Қазақстан чемпионатында доп тебеді. Бұл да көңілді қуантады. Жалпы команда дайын. Бүгін Минск қаласына ұшамыз. Әрине, кадрлық тапшылық бар. Отбасылық жағдайына байланысты Роман Асранқұлов және жарақаттарына байланысты Әлібек Қасым, Абат Айымбетов, Айбар Жақсылықов, Рамазан Кәрімов қатыса алмайды, - деп ұлттық құраманың бас бапкері Әли Әлиев өз пікірін айтты.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы ертең Қазақстан уақыты бойынша түнгі 22:00-де Минскте Беларусь құрамасымен жолдастық ойын өткізеді.