Ұлттық арна алдады ма, алданды ма?

03.09.2011, 17:19
Ұлттық арна алдады ма, алданды ма?
«Қазақстан» телеарнасы 2011 жылдың 2-ші қыркүйегі сағат 22.50 ге жоспарланған «ЕУРО – 2012» іріктеу турнирінің аясында Түркия мен Қазақстан арнасындағы ойынның  Стамбулдан берілетін көрсетілімі болмады. Бұны күтпеген еліміздің тұрғындары түсінбей әлек болды. Бірақ, ұлттық арнамыз аталмыш кездесудің тікелей көрсетілімін тарату құқығын дұрыс алмаған екен. «Қазақстан» ҰТА ұзақ уақыт бойы осы кездесудің ТВ лицензиясын сатып алу мақсатында барлық мүмкүндікті жүзеге асыруға тырысты. Лицензия құқығын иеленуші компания (SPORTFIVE) өзінің құқық иеленуші екенін және оны ҚР аумағында «Қазақстан» ҰТА арқылы хабар тарату мүмкүндігіне пайдалануға болатынын растап келді», - делінген телеарнадағы ресми хабарламада. Телеарнаның хабарлауынша, олар аталмыш кездесудің ҚР аумағында көрсетуге құлқы жоқ екенін алға тартып, лицензия сатып алуға қарсылығын білдірген. Болған жағдайды басшылыққа алған «Қазақстан» ҰТА соңғы сәтке дейін Түркиядағы әріптестерімен келіссөздер жүргізу арқылы, суб-лицензияға құқығы бар компаниядан көрсетілім лицензиясын 2.09.2011 ж дейін сатып алуға барын салды, бірақ мәселе оң шешімін таппады. www.bnews.kz/kk/news/post/57604/
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×