Жастарымыз жарады + бейнеролик

03.09.2011, 17:41
Жастарымыз жарады + бейнеролик
[caption id="attachment_7077" align="alignleft" width="260" caption="Жауапты голды ұрған - Абзал болатын"][/caption] Сербиялық Слабодан Крчмаревичтен тәлім теретін Қазақстан жастары Алматыда Румынияны қабылдады. Маусымда румын жерінде есеп аша алмай тарасқан қарсыластар бұл жолы да тең түсті. Орталық стадиондағы матчты қонақтар жақсы бастады. Ойынның 30-шы минутында сол қапталдан басталған шабуылды өз қолына алған жартылай қорғаушы Грозав қақпаның жақын бұрыш дәл көздеді. Самат Отарбаев допқа қарай секіргенімен, үлгермеді. Қазақстан жастары таразы басын теңестіруге ұмтылды. Алайда алғашқы таймда алаң иелерінің ойыны жүрмей, төрт бірдей шабуылшы еш нәтиже шығармады. Үзілістен кейін Қазақстандық футболшылар тізгінді қолға алды. 74-ші минутта Абзал Бейсебеков оң қапталдан алға ұмтылып, 40 метрдей жерден қақпаны нысанаға алып еді, доп маңдайшадан төмен ұшып, қақпа торынан кері серпілді. Восток шабуылшысының күшті соққысын күтпесе керек, қақпашы Дину бұл жағдайға дайын болмай шықты. Әдемі голды еншісіне жазған Бейсебеков командасына жалғыз ұпай сыйлады. Қорытынды есеп:1:1. Енді Қазақстан 6-шы қыркүйекте Словакияны қабылдайды. Турнир кестесінде Франция мен Словакия үш ұпай жинап, топ бастап келеді. Қазақстан мен Румыния екі ұпаймен, үшінші, төртінші орындарда тұр. Латвия әзірге жеңіске жеткен жоқ. Қазақстан U-21 — Румыния U-21 1:1 (0:1) Голдар: Грозав 30 (0:1), Бейсебеков 74 (1:1) Ескертулер: Тағыберген 23, Жолшиев 28, Сүйімбаев 53 — Антон 61, Матей 64, Буш 90 Қазақстан U-21: Отарбаев, Ахметов, Сүйімбаев, Тағыберген, Қуантаев (Щеткин 63), Лисенков, Бейсебеков, Горячий, Лунин (Лунин 46), Сүйінов (Азаматов 81), Джолчиев Қосалқы: Калменов, Левин, Исламхан, Шомко Румыния U-21: Дину, Рыпэ, Мут, Рада, Беца, Матей (Брата 64, Станча 85), Селяджя (Буш 79), Цукудян, Грозав, Антон, Эначе Қосалқы: Лазар, Цигэнашу, Попа, Нэстэсие Төреші: Сергей Данковский (Украина) Алматы. Орталық стадион. 4500

Euro U21 - Qualif. - Kazakhstan 1-1 Romania

Кейбәр мәліметтер Хабар телеарнасынан алынды. Фото - Эдуард Гавриш
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×