Ұлттық құрама көшбасшысы қорғаушыға айналды ма?

Бақтиер Зайнутдинов дәл қазір Қазақстан футболын шет лигада абыроймен таныстырып жүрген футболшы. Оның ЦСКА сапындағы орны қандай?
Ұлттық құрама көшбасшысы қорғаушыға айналды ма?

ЦСКА Мәскеу командасы биылғы маусымды сәтті бастады. Клуб бапкер ауыстырып, Березуцкидің орнына Федотов келді. Бірнеше трансферлер жасалып, алаңдағы позициялар күшейтілді. Өткен маусымда команда сапында болған бірнеше легионер келісім-шарттарын үзіп, еркін футболшы ретінде кетіп қалды. Оның себебі Ресейге салынған санкциялар. Ал Бақтиер Зайнутдинов болса амалсыздан қорғаушы қызметіне ауысты. Әйтпесе ортада ойқастайтын жартылай қорғаушы, гол салып көзге түсіп жүрген болатын. Қазақстандық футболшының шабуылдан қорғанысқа түскенінің себебі неде?

Мұрат Ысқақов, ЦСКА бас бапкерінің көмекшісі:

-       Бақтиер өте әмбебап ойыншы. Ол алаңның кез келген тұсында ойнай береді. Қазір сол қапталдағы орталық қорғаушының рөлін сомдап жүр. Ол өзін қамшылап, жаңа позицияда ойнап үйренуге талпынады. Еңбекқорлығының арқасында қазір сауатты ойнайды. Ол әріптестеріне көмектесіп, өзінің техникасын жақсы жағынан көрсетеді. Соныман қатар, әуедегі доптарға да тамаша таласады. Біз оны қорғаушы қылып шығаратын ойымыз да болмады. Амалсыз осындай қадамдарға бардық. Себебі, бізде алаңға шығуға дайын 12-13 футболшы ғана болды. Ал қазір ол ресейдегі орталық қорғаушылардың ешқайсысынан кем емес.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін Бақтиер Зайнутдинов гол салатын, шабуылда шапшаң қимылдайтын ойыншы. Ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында көп гол салған некен-саяқ футболшының бірі. Жуырда ол құрама рекордсмені Руслан Балтиевті қуып жетіп алуы мүмкін. Ресейлік клубта ол енді сол күйі қорғаушы болып кетпей ме?

Владимир Федотов, ЦСКА командасының бас бапкері:

-       Біз негізі Зайнутдиновты уақытша қорғаушы қылып отырмыз. Қаптал арқылы жылжып, шабуылға да араласып жүр. Өткенде соның арқасында бір гол салдық. Командаға жаңадан қорғаушылар келсе, біз оны қайтадан ортаға жылжытамыз. Алайда, қазір мен Зайнутдиновке толықтай сенемін. Қорғаныста оған тағылар кінә жоқ. Бапкерлік штаб айтқан соң қорғаныста амалсыз ойнап жүрген де шығар. Алдағы уақытта жағдай реттеледі.

Ресейлік командада қорғаушы болып жүріп Бақтиер Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Бас бапкер Магомед Адиев оны шабуыл шебіне қоямын деп айтып қалды. Қорғаныста ойнап келіп, аз күннің ішінде қайтадан шабуылға икемделіп үйрену қаншалықты қиын?

Бақтиер Зайнутдинов, ЦСКА ойыншысы:

-       Бапкерлік штаб маған сенім артты. Мен оларға «жоқ қорғаныста ойнамаймын, мен шабуылға шығамын» деп қарсыласа алмаймын. Футболшы ретінде олай айтуға болмайды. Мені қорғанысқа қойған бапкердің өзі үлкен жауапкершілікті қолына алып отыр. Себебі, нәтижеге сол кісі жауап береді. Егер менен қорғаныста жақсы ойнай алатын футболшы көріп тұрса, неге ойнамасқа. Бапкерлер сырт көзбен тамаша сараптама жасайды ғой. 

Мәскеуге барған сапарымызда біз Зайнутдиновтың алдағы болашағы жайлы оның әріптестерінен де сұрастырдық. ЦСКА клубының аңызы, танымал қақпашы Игорь Акинфеев болса қазақстандық футболшыға Испания біріншілігіне ауысу керек деп ақыл айтты.

Игорь Акинфеев, ЦСКА қақпашысы:

- Зайнутдиновке Испания чемпионатына ауысса болады. Мысалы, "Валенсия", "Севилья" секілді командаларда ойнап кете алады. Өзі өте сабырлы жігіт. Әйтпесе, Германия, Италия демей, Испанияға кетсе ғой. Техникасы да, физикасы да жеткілікті деп ойлаймын.

Отандасымыз жуырда матчтың үздігі атанып, арнайы марапатқа кенелді. Қорғаушы болып та бағы жанып жүр. Ал осы ойыны оның құрамаға келіп шабуылшы болуына кесірін тигізбейді деп күтеміз. Барлығын жасыл алаң көрсетеді. Матч 22 қыркүйек күні, «Астана Арена» стадионында өтпек. Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында Белорусь құрамасын қабылдайды.

Ермұхамед Мәулен

Мәскеу қаласы, Ресей

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×