«Челси» жаңа спорт директорын тағайындағысы келеді

10.09.2022, 02:43
Лондондық клуб бірнеше күн бұрын бапкерін ауыстырған еді.
«Челси» жаңа спорт директорын тағайындағысы келеді

«Челси» клубы спорттық директор қызметін атқаратын маманды белсенді түрде іздеуде, деп хабарлайды The Telegraph.

Негізгі үміткер ретінде «Ливерпульдің» бұрынғы спорт директоры Майкл Эдвардс қарастырылуда, бірақ ол тамыз айында лондондық клубтың ұсынысын қабылдамаған еді.

43 жастағы Эдвардс «Ливерпульде» 2011 жылдың қарашасынан бері жұмыс істеді. Ал 2016 жылдан бері спорт директоры ретінде «Ливерпуль» клубының трансферлік саясатын жүргізді. Ол «Ливерпульден» өткен маусымның соңында кеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×